“Еркеназ” бөбекжай балабақшасына
Қош келіпсіз!

«ЕРКЕНАЗ» бөбекжай-балабақшасының ғылыми-зерттеу тақырыбы: “Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жетілдірудің тиімді әдістері мен формалары”
«ЕРКЕНАЗ» БӨБЕКЖАЙ-БАЛАБАҚШАСЫ
ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
«ЕРКЕНАЗ» бөбекжай-балабақшасы 2018 жылғы 1 тамыздағы құрылтайшылар шешімімен (Хаттама №2) ашылып Кентау қаласы, Абай даңғылы 15″Б» мекен-жайы бойынша мемлекеттік тіркеуден өтті.
Балабақшаның негізгі бағыты — балалардың қауіпсіздігі және оларға қолайлы әрі сапалы жағдай жасау. Ал мақсаты — балаларды қазіргі заман талаптарына сай жаңа әдістер мен технологияларды пайдалана отырып сапалы білім мен тәрбие беру, ақыл-ойын дамыту.
Балабақша 2 қабатты, типтік стандарттарға сәйкес кең, жарық, қолайлы ойын және жатын бөлмелерден, балалардың киім ауыстыратын бөлмелері мен таза ұқыпты жасақталған әжетханалар, жетілдірілген медициналық қызмет, әдіскер және тәрбиеші бөлмелерінен, музыкалық-хореографиялық зал, қысқы спорт-сауықтыру залы, робототехника бөлмесі, М.Монтессори кабинеті, логопед-дефектолог кабинеті, интерактивті-мультимедиялық құралдармен жасақталған акт залы, талапқа сай безендірілген аудиториялардан тұрады. Жатын бөлмелер жайлы төсек-орындармен, мақсат-бағытына қарай барлық бөлмелер сәнді мүлік-жиһаздармен қамтамасыз етілген.
Ғимараттың санитарлық-эпидемиологиялық тазалығы, өрт қауіпсіздігі талаптары, ауа алмасу, желдету жүйесі жақсы жолға қойылған. Қалыпты жылу температурасын сақтап, тұрақты жылу беріп отыратын жылу жүйесі қызмет жасайды. Нысандағы әр бөлмеде бейнебақылау камералары орнатылған, сол камералар арқылы балабақшадағы педагогикалық процесс директор кабинетіндегі кең экранды ледтелевизорда бақыланып отырады.
Сонымен қатар, балабақша аумағында қазіргі заман талаптарына сәйкес қауіпсіз материалдардан жасақталған аулалық ойын алаңдары, дидактикалық, қозғалмалы және дамыту ойындарына арналған спорт-ойын кешендері, құм терапиясы алаңдары қызмет жасайды.
Балабақшада мектепке дейінгі даярлық топтары бар. Онда жоғары білімді мамандар, балаларды дамытудың заманауи тәсілдерін меңгерген, жаңашылдыққа жаны құмар, жан-жақты, алғыр, білімді педагогтар білім мен тәрбие береді.
«Ойнамаған баланың ойы қалыптаспайды» қағидасына сәйкес балабақшада ойын арқылы тәрбиелеуге басымдылық беріліп, балалардың зейінін, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін арттыруға арналған бизидом ойыншықтары, жұмсақ ойыншықтар, құрастырмақтар, пазлдар , ақыл-ойды дамытушы ойыншықтар, белгілі бір кәсіпке байланысты және құмда ойнайтын ойыншықтар, көліктер мен қуыршақтар, жануарлар мен құстар, түрлі-түсті доптар, дыбыс шығаратын ойыншықтардың ойластырылған жүйесі қамтамасыз етілген.
Сондай-ақ балабақша 2019 оқу жылынан бастап Кентау гуманитарлық-техникалық колледжімен әріптестік негізде дуальді оқыту жүйесінде жұмыс жасайды. Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиешісі мен Бастауыш білім беру мұғалімдерін бірлесе дайындауда бұл жүйенің білім беру мен тәрбиелеудегі озық педагогикалық идеялар мен технологияларды енгізуде ғылыми-әдістемелік маңызы ерекше.

Біздің ерекшеліктеріміз:
* М.Монтессори методикасы арқылы балаларды дамыту;
* Ағылшын тілін тереңдетіп меңгерту;
* Тіл қоррекциялық қызметі – логопед;
* Дидактикалық, қозғалмалы және дамыту ойындарын ғылыми негізделген методикада ұйымдастыру;
* Аз қамтылған отбасыларға жеңілдіктер;
* Музыкалық-хореографиялық зал;
* «Балабақша-колледж» дуальды оқыту жүйесіндегі бірлескен педагогикалық қызмет;
* Құм терапиясы;
* Мектепке дайындық;
* Қысқы спорт-сауықтыру залы;